Перейти к содержимому

Алматыда көпқабатты үйде болған өрт кезінде 17 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Алматының өрт сөндірушілері 17 адамды құтқарып эвакуациялады.

20 ақпанда сағат 01.53-те Бостандық ауданында Өтепов көшесі бойындағы 13 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде шыққан өртті сөндіруге кірісті.
Өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарының көмегімен 2 адамды құтқарып, 15 адамды эвакуациялады.
Сағат 02.39-да өрт сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қабылданған шаралардың арқасында көрші пәтерлер аман қалды.
ТЖД жеке құрамынан 35 адам мен 11 бірлік техника, қаланың шұғыл іс-қимыл қызметтері жұмылдырылды.

0
0
219

Еще по теме

Алматыда көпқабатты үйде болған өрт кезінде 17 адам қауіпсіз жерге шығарылды - Yvision.kz