"ALMATY TANNERY - АЛМАТЫ ТЕРІӨНДІРУ" ЗАУЫТЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ
Бүгін ҚР Президенттігіне Халықтық коалициядан ұсынылған үміткер Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық қоғамдық штабының мүшелері Елтай ауылдық округінде орналасқан "ALMATY TANNERY - АЛМАТЫ ТЕРІӨНДІРУ" ЗАУЫТЫНЫҢ ұжымымен кездесті. Жиын барысында үміткердің сенімді өкілдері Исагулов Жанат, Бекжан Сүнбеков және Қуаныш Ахметжанов сөз сөйледі.
Кездесу барысында Президент Жолдауында айтылған айшықты ойлар мен іске асырылып жатқан байыпты істер нәтижесі жайлы сөз қозғады.
Сондай ақ алдағы өтер сайлау науқанында Қ.Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөнінде айтылып, қойылған сауалдарға жауаптар берілді.
– Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының игі бастамасына қолдау білдірушілер қатары артып жатқаны қуатты Қазақстаның әділетті қоғам құрудағы жарқын бастамасы. Мұның барлығы ел әлеуетінің артуына тигізер әсері зор, – деді Жанат Исагулов.
