Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ АНТИКОРЫ ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС БЕРУ БОЙЫНША АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

Ағымдағы жылдың 2 қарашасында "Халық заңгері" іс-шарасы аясында қала тұрғындары өздерінің көптеген сұрақтарына жауап алып, қандай да бір жағдайды заңды түрде қалай дұрыс шешу керектігін біле алды. Тұрғындар ең жақсы заңгерлерден, адвокаттардан және мемлекеттік органдардың өкілдерінен білікті заң көмегін алды.

Іс-шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті "Адал Көмек" жобасы аясында ұйымдастырды. Облыстың жергілікті атқарушы органдарының, полиция департаментінің, төтенше жағдайлар департаментінің, облыстық заң консультанттары палатасының өкілдері, "Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы, облыстың арнайы мониторингтік тобының өкілдері тегін заңгерлік кеңес көрсетті.

Келгендер практикалық құндылығы бар және жақын арада іске асырылатын сауатты кеңестер алғанын атап өтті. Сондай-ақ, маманмен сөйлескеннен кейін проблемаларын шешу жолдарын қарастырып, әрі қарай қалай жалғастыру керек, неден бастау керек және мәселені тез арада қалай аяқтау керектігі белгілі болды. Консультация алуға келгендер сарапшыларға да, іс-шараны ұйымдастырушыларға да тегін заң көмегін алуға мүмкіндік бергені үшін үлкен алғысын білдірді. Расында да, әркімнің кеңес алу үшін адвокатқа жүгінуге немесе бірден бірнеше мемлекеттік органдардың өкілдерімен бір уақытта кеңес алуға қаржылық мүмкіндігі бола бермейді.

Қорытындылай келе, "Халық заңгері" іс-шарасының арқасында жеке және мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің өзара үйлесімді іс-қимылы ұйымдастырылды, олардың өкілдері бір-бірінен бірнеше қадам қашықтықта болды, іс-шараға әрбір келуші өз мәселесін немесе проблемасын кешенде шешуге және толық құқықтық кеңес алуға мүмкіндік алды

0
0
250

Еще по теме

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ АНТИКОРЫ ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС БЕРУ БОЙЫНША АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ - Yvision.kz