Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ «ANTIKOR ОRTALYǴY» АЛАҢЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

«ANTIKOR ОRTALYǴY» алаңында а.ж. 6 сәуірде Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс тұрғындары мен қонақтары үшін Ашық есік күнін өткізді.

Іс-шараға жоғары Жетісу университетінің студенттеріде қатысты. Жоғары оқу орны студенттерісыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттарымен, құқық қорғау қызметіне жұмысқа орналасу жайлы ақпараттармен танысты.

Білімгерлер үшін «ANTIKOR ОRTALYǴY» шолу экскурсиясы барысында процессуалдық офицер А.Т.Изгуттиева азаматтардың өтініштерін қабылдау және қарау тәртібін түсіндірді.

Өз кезегінде, Департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев «ANTIKOR ОRTALYǴY» азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында оларды кедергісіз қабылдау үшін ашық алаң болып табылатынын атап өтті.

Спикердің айтуынша, мұндай іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің имиджін арттыруға, сондай-ақ жас, сауатты және мақсатты мамандарды тартуға бағытталған.

0
0
435

Еще по теме

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ «ANTIKOR ОRTALYǴY» АЛАҢЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ - Yvision.kz