АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНА ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы министірлігіне бағынысты жиырмадан астам қызметкерлер Талдықорған қаласындағы СИ-16 тергеу изоляторында болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің тапсырмасымен жүзеге асқан бұл шара мемлекеттік қызметшілерге темір тордың арғы жағында отырған айыптылардың, күдіктілердің және сотталғандардың жай-күйін көзбен көруге мүмкіндік береді.
Экскурсияның мақсаты - мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері өзгенің қателігінен сабақ алып, бостандығынан айырылып, түзету мекемелерінде болудың ауыртпалығын сезіндіру.
Жалпы 2022 жылдың 3 айында 129 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 73 қылмыс сыбайлас жемқорлық қылмыстары болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке 44 адам тартылды, оның ішінде әкімдік пен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметшілері - 15адам, аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары - 12, құқық қорғау органдары – 2, судьялар – 1, басқалары - 14. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам кәсіпкерлік қызметті заңсыз жүзеге асырғаны үшін жалпы сомасы 4,9 млн.теңгеге әкімшілік айыппұл сала отырып, 11 қызметші әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
«Бүгін мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа жасау және пара алудың немен аяқталатынын іс жүзінде көрсетуді мақсат еттік. Департамент және Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастамасымен тергеу изоляторына экскурсия ұйымдастырдық. Экскурсия сыбайлас жемқорлық қылмыстары анықталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сыртқы талдау өткізілген мекемелердің қызметкерлері қатыстырылады» – деді Департаменттің бас маманы Дәулет Қалдығожин.
Шара соңында түзету мекемелерінің жеке құрамымен де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинарлар ұйымдастырылып, жобасының мақсат міндеттері түсіндіріледі.
