Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ ТАЛДАУ БАСТАДЫ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті ағымдағы жылғы қазан айының 15 мен қараша айының 15 аралығында Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді.

Талдау барысында Көліктік бақылау инспекциясының қызметіндегі кадр мәселесі, мемлекеттік қызметтер көрсету, автомобиль көлігі, темір жол мен су көлігіндегі рұқсат беру, бақылау, қадағалау функцияларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау қажет.

Осыған орай, Көліктік бақылау инспекциясының қызметіне қатысты қандай да болмасын нақты мәліметтеріңіз, арыз-шағымдар мен ұсыныс-пікірлеріңіз болса, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр 36/42 орналасқан Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жанындағы Антикор орталығына келуге немесе [email protected] поштасына жолдауға, https://chat.whatsapp.com/BZRWGnRHhagBWk35NLegTN және https://t.me/joinchat/xlDvBtH5uyo5MGVi желісі арқылы хабарлауға болады.

Құрметті облыс тұрғындары, кәсіпкерлер мен көлік жүргізушілері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда әрбір азаматтың пікірі маңызды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік танытуға және өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

0
0
200

Еще по теме

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ ТАЛДАУ БАСТАДЫ - Yvision.kz