АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» ЖОБАСЫНЫҢ 9 АЙ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Бизнесті және инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорғау бойынша жоба шеңберінде ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде облыстың уәкілетті органдары және кәсіпкерлерімен 9 айдың қорытындысы бойынша кеңес өткізілді.
Кеңес барысында кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын шектеуге жол бермеу мәселелері талқыланды, сондай-ақ барлық кәсіпкерлерді адал және парасатты бизнеске шақырды.
Айта кетейік, «Protecting Business and Investments» жобасы іске асырыла бастағаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге өңірдің 89 компаниясы қол қойып, оның инвестициялық портфелі шамамен 800 млрд. теңгені құрады.
