Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕЛЕРІНЕ 20 МЫҢҒА ЖУЫҚ АРЫЗ ТҮСКЕН

Оларға жыл басынан бері 19 610 арыз-шағым келіп түсті. Оның ішінде 12 мыңнан аса өтініш оңтайлы шешіліп, 7 397-не заң аясында кеңестер берілді.

Қабылдауларда көтерілген мәселелер және электронды база арқылы тіркелген арыздардың 555-і әлеуметтік көмекке мұқтаждық бойынша, 434-і тұрғын-үй коммуналдық мәселелер, 301-і баспана және жер учаскесін алу, 260-ы еңбек құқығын қорғау оның ішінде жұмысқа орналасу, заңсыз жұмыстан шығару және еңбекақы өндіруге қатысты.

Қалған бағыттар бойынша да түрлі талап-тілектер назарға алынған. Атап айтқанда денсаулық сақтау және білім беру, кәсіпкерлікті қолдау, несиелендіру және субсидия алу, халықты құжаттандыру, агроөнеркәсіптік кешен, жайылым жер, сот және құқық қорғау жүйесі, сондай-ақ тағы да басқа шағымдар қаралды.

0
0
224

Еще по теме

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕЛЕРІНЕ 20 МЫҢҒА ЖУЫҚ АРЫЗ ТҮСКЕН - Yvision.kz