АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СПИКЕРЛЕР ПУЛЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТКІЗІЛДІ
Бүгін Antikor Ortalygy алаңында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Асқар Садықов пен бас мамандар Мақпал Бекқұлова, Әсем Ескендірова, Гаухар Қалибаеваның қатысуымен Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, сондай-ақ Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету бойынша спикерлердің пулымен жұмыс кездесуі өткізілді.

Мемлекеттік қызметшілер арасында тәжірибе алмасу бойынша өзара іс-қимылға қол жеткізілді, сондай-ақ ҚР Әдеп кодексін сақтау қажеттілігі туралы айтылды. Кездесу қорытындысы бойынша адал еңбек жолымен нәтижелерге қол жеткізген қайраткерлер мен ардагерлер мысалында мемлекеттік қызметшілерге әсер ету туралы одан әрі жоспар әзірленді.
