АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ENBEK.KZ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЕҢБЕК БИРЖАСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ
Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шең берінде ақпараттандыру-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастырып келеді. Осылайша, осы жылдың 31 қазанында және 3 қарашасында enbek.kz электронды еңбек биржасы туралы халықты ақпараттандыру бойынша көшпелі іс-шаралар Арбатта, Орталық Демалыс саябағында, метрода және Солтүстік айналма көшесінде орналасқан әмбебап базарда өткізілді.
Іс-шара барысында enbek.kz туралы ақпараттары мен Алматы қ. Жұмыспен қамту орталығының байланыс мәліметтері бар 1000 буклеттері мен кітапшалары таратылды.
Электрондық еңбек биржасы- бұл жұмыс іздеуге және персоналды іріктеуге мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін, жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай сандық алаңды көрсетеді. Бос орындар мен жұмыс іздеушілер туралы ақпарат күн сайын бүкіл Қазақстан бойынша әртүрлідереккөздерден жаңартылып отырады.
Enbek.kz сайтындағы барлық ақпараттар пайдаланушылардың орналасқан жеріне қарамастан тәулік бойы тегін беріледі.
Enbek.kz порталы төмендегіге мүмкіндік береді:
бос орындар мен түйіндемелердің мәліметтер базасына онлайн-қолжетімділік алуға;
жеке кабинетке тіркелуге және бос орындар мен түйіндемелер орналастыруға;
таралымдарға және белгіленген өлшемдерге сәйкес (қызмет саласы, кәсіп, өңір), өзіңнің электронды мекенжайыңа немесе мессенджеріңе қайтадан жарияланған бос орындар мен түйіндеме порталына жазылуға;
әңгімелесуде жауаптар мен шақыртулар режимін пайдалана отырып, жұмысқа қабылдауға немесе жұмысқа қабылдануға;
бейне сұхбат алу мүмкіндігін алуға;
жұмыс берушінің жеке кабинетіне арнайы жұмыс орындарына субсидия беру туралы өтініштерді орналастыруға;
Жұмыспен қамту орталықтарында ағымдағы бос жұмыс орындар туралы мәліметтерді онлайн режимінде ұсынуға;
кәсіптік бағдарлауға тест өту және тест нәтижесіне сәйкес, бос орындар порталынан табуға;
еңбек нарығының жағдайы туралы ақпарат алуға;
түйіндеме жазу бойынша пайдалы кеңестер алуға, әңгімелесуге дайындалуға және т.б.
