АЛДЫМЫЗДА ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ МІНДЕТІ ТҰР
тұрғындарымен кездесті. А.Үмбеталиев, Н.Аширов, Г.Тәжібаева, Е.Исақұлов, С.Саипов, Е.Аманқұлов сайлаушыларға үміткердің сайлауалды бағдарламасын кең көлемді түсіндірді. А.Үмбеталиев алдағы сайлаудың саяси маңыздылығына тоқталды.
- Мемлекеттің дербестігі, ұлттың азаттығы, қоғамның еркіндігі – ешқашан, еш нәрсеге айырбасталмайтын ұлы құндылық. Мұны баршамыз бағалауымыз тиіс. Бұл, шын мәнінде, тарихи мағынаға ие жаңғыру болмақ. Сондықтан, еліміздің әрбір жауапты азаматы осы маңызды кезеңде адал қызмет етуі, науқанға белсенді ат салысуы қажет-деді ол.
Ал, Н.Аширов Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басқандығын жеткізді.
- Біздің алдымызда түбегейлі саяси, экономикалық реформаларды табысты іске асыру, демократиялық қағидаларға негізделген жаңа, Әділетті Қазақстанды құру міндеті тұр – деген ол көпшілікті сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
Сайлау науқаны қарсаңындағы үгіт насихат жұмыстары Ордабасы ауданында да өтіп жатыр. Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі Ордабасы аудандық штабының мүшесі Ғазиз Ерімбетов Жеңіс ауыл округінде орналасқан «Береке» шаруа қожалығының еңбек ұжымымен кездесті. Онда ауызсу тапшылығын жою, ауыл тұрғындарын кәсіби медицинамен қамтамасыз ету, білім саласының барлық деңгейіндегі қордаланған мәселесін түбегейлі шешу жайы бойынша кең көлемді мәліметтер берді. Сондай-ақ, халықтың қолдауы аталған мақсаттарға жетудің басты кепілі болатындығын түсіндірді.
Ал, Арыс вагон жөндеу депосы мекемесінде өткен экспромт-кездесуде ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері кандидаттың сайлауалды бағдарламасын еңбеккерлерге кеңінен таныстырды.
А.Байтанаев, Қ.Өтегенов, Қ.Ахметов, П.Есалиев, Н.Мәуленов әділетті де қуатты Қазақстанды құру жолындағы атқарылатын жұмыстарды атап өтті.
- «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында ел ішіндегі өзекті мәселелер толық қамтылған. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерімен шекаралас сауда-экономикалық орталықтар желісін ашуды тапсырды. Алдағы уақытта 11 мың шақырым теміржолды жөндеу, Достық-Мойынты, Дарбаза-Мақтаарал теміржол желілерін, Алматыны айналып өтетін айналма жолды, Қытай мен Бақты теміржол өткелі іске қосылмақ. Мұның бәрі сөзсіз – Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырып, отандық тауарөндірушілерге зор серпін береді - деді штаб төрағасы орынбасары Амантай Алтынбекұлы.
Кездесуде теміржолшылар кандидат Қ.К.Тоқаевтың бағдарламасын қолдайтындарын жеткізді.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспаөз қызметі
#TOQAEV2022
