АЛДАҒЫ 5 ЖЫЛДА ТЕМІРЛАНДА АУҚЫМДЫ ІСТЕР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
«Nur Otan» партиясының атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар: Абіш Дулатбек Назарбекұлы, Нұрмаханов Ерлан Зайпұлы, Өміртай Амалбек Дәркенұлы бүгін Темірландағы Жастар сарайында «Nur Otan» партиясы Қажымұқан бастауыш партия ұйымының мүшелерімен жылы шыраймен кездесу өткізді. Жиынды «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат ашып, жүргізді.
Кездесуде үміткерлер партияның басым бағыттарына жеке-жеке тоқталды. Аталмыш партияның ықпал етуімен облыста, аудан көлемінде қандай жұмыстар атқарылатыны жөнінде айтып өтті. Аудан орталығына қатысты айтар болсақ бекітілген бағдарламаға сәйкес, 2023 жылға дейін Темірлан ауылында кәріз жүйесі жүргізіледі, 2024 жылы 600 орындық жаңа мектептің құрылысы салынады, 2021 жылы 250 орындық көпсалалы спорт кешені салынады, 2021-2025 жылдар аралығында аудан бюджеті есебінен 8 бейнебақылау камералары, ал облыстық бюджет есебінен 15 бейнебақылау камералары орнатылады (оның ішінде Темірлан ауылы да бар).
Өңірде инвестицияларды тиімді салу, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларынан барынша пайда алу, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен әртараптандыру және жарақтандыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
ü ағын су жағдайын жақсарту мақсатында республикалық және облыстық меншіктегі 55 каналға 2023 жылға дейін толық механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуге;
ü 2021 жылдың І тоқсанына дейін Қараспан ауыл округінің Ақжол, Сарыарық елді мекендеріндегі егін суаратын суармалы сулар мәселесін шешуге;
ü дренаждарға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық немесе облыстық бюджеттен қаржы қарастырып, қайта іске қосуға;
ü бес жыл ішінде асыл тұқымды мал басының үлесін арттырып, мүйізді ірі қара мал санын 131,8%-ға (61,7 мыңнан 81,4 мыңға), ұсақ мал санын 123,1%-ға (360,2 мыңнан 447 мыңға) жеткізуге;
ü жылқы басын 30,1 мың басқа жеткізіп, ауданда бие сүтін өндіру көлемін арттыруға;
ü 175 ауылшаруашылық техникаларын сатып алуға;
ü «Алтын асық» бағдарламасымен 7100 бас асыл тұқымды ұсақ мал сатып алып, 102 850 бас ұсақ малды асыл тұқымдандыруға;
ü «Құлан» бағдарламасымен 856 жылқы сатып алуға;
ü 3000 бастық мал бордақылау алаңын салуға («Қаржау-Ата» шаруа қожалығы);
ü 1 509 басасыл тұқымды мүйізді ірі қара аналығын импорттауға;
ü қарқынды бау өнімдерін сақтайтын 1 500 тонналық қойманың құрылысын жүргізуге ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2,5 есеге артады.
Жиын соңында Қажымұқан бастауыш партия ұйымының мүшелері өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Көпшілікті «Nur Otan» партиясына дауыс беруге үндеді.
