Перейти к содержимому

Алаш шамшырағы

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым. Ағартушы 5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген ұлы тұлға, жазушы, ақын. Арғын тайпасының Шақшақ руынан шыққан ұлттық жазудың реформаторы- ел тарихының қаламын ұстаған қаламгер. Тәуелсіз Қазақстанға үлкен қадамдардың бірі Алаш партиясының негізін қалаушы ұлт жанашыры болды. Ахмет Байтұрсынұлының жанашырлығы мен ұлтжандылығы адам қызығарлық қазына іспеттес. 

Ахмет Байтұрсынұлы өз өмірінің беттерінде педагог қызметінде атқарды. Халқын ағартушылыққа, сауаттылыққа шақырды. Ол өзінің ұстаздық қызметін 1895—1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде атқарады. Ағартушының халыққа деген көз қарасының шарықтау шегінің басталған кезі осы болса керек. Қазақ болашағына деген қамқорлығын еңбектерінде де сипаттап өткен болатын. 

Байтұрсынұлы өз шығармашылық жолын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің саясатын сынады. Ағартушылық, сауаташу бағытында бірнеше шығармалары жарық көрді. Мысалы, 1912 ж. "Оқу құралы. Қазақша алифбасы" еңбегі Орынборда жарық көрді. Осы еңбектің арқасында көптеген өзгерістер орын алды. Жазушының қазақ арасындағы ықпалын байқаған патша үкіметі қазақтың дамуының алдын алу мақсатында қысым көрсете бастады. Осылай басталған тарих беттерінде ұлт жанашыры 1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді. 

"Қазақ" ұғымы нығайу тарихын қалыптастыру мақсатында еңбек еткен Ахмет Байтұрсынұлы туралы Сәкен Сейфуллин былай депті:

"…Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті."

  "Тәуелсіз Қазақстан", "Мәңгі ел" атану тарихымыз терең елміз. Ал Алаш  біздің шаңырағым, іргеміз іспеттес. Тарих қалыптасу барсында үлкен еңбек сіңірген Алаш зиялыларының мәңгі есімізде қалары анық. Ал Ахмет Байтұрсынұлы өткенімізден кемел болашаққа жетелер шам еді. Өткеніміздің қараңғылығын сейілтер шуақты тұлға болды.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ , Журналистика факультетінің 3 курс студенті: Инжибекова Меруерт

Жетекші: Н.Б.Рушанова , аға оқытушы



0
0
144

Еще по теме

Алаш шамшырағы - Yvision.kz