Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Алаш арыстары

«Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын !» - деп қазақ тарихындағы ерекше тұлға Әлихан Бөкейханов айтып өткен. Ертеден - ақ қазақтың ақындары мен жыраулары азаттықты аңсады. "Азат ел болсақ, қолымыз көкке жетер еді", - деп те армандады. Дүниенің кілті - ғылым мен білімде екендігін терең түсіну керек болды. «Қариясы кімнің бар болса, жазып қойған хатпен тең» дегендей, оқу - жазу өнерін білу құштарлық болды. Ел азаттығы үшін қар жамылып, мұз төсенген ұлт зиялыларының өмірін, шығармашылық қызметін зерттеу күн тәртібіне айналды. Қоғамдық өмірдегі тосын құбылыстар мен өтпелі кезеңдердегі оқиғалар, Алаш қайраткерлері дәріптеген идеялар, қазіргі қазақтың жай - күйі болып басты назарға алынды.

Жалпы Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай уақытша үкіметтің басқа да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ең өзекті ұлттық мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы, зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді. «Қайыры жоқ көлден без, қайырымы жоқ елден без» деп жалпақ дүниеге жар салып, кері тартпай керісінше ел алдындағы ұлы мақсат - міндеттерді шешуге тырысты. Міне осындай жағдайда ел қамын ойлаған саясаткерлер санасында ұлттық мемлекет туралы мәселенің пайда болуы заңды құбылыс болды. Алаш арыстары елдегі хал - ахуалға асқан сергектік пен қарап, халықты кесапаттан сақтап қалудың жолдарын іздестірді. Сол кезеңде Сұлтанмахмұт Торайғыров әр қазаққа «Бірі - Күн, бірі - Шолпан, бірі - Ай» Алаштың асып туған ұлдарының керек екенін айтты.

Жүріп өткен қилы жолда көрсеткендей, қазақ қоғамы Тәуелсіз мемлекет құру жолын таңдай отырып, кателескен жоқ еді. Сондай лайсаң заманда закон да, жол да, паналайтын пана да болмады. Әркім өзін - өзі қорғап. Әуелі өлмеске, екінші мал - мүлкін талауға бермес үшін сарп етіп өмір сүрді. Осы негізде пайда болған мемлекеттің саналы түрде жалпы ұлттық мұраттарға қол жеткізуі, көздеген шараларды іске асыруы табиғи құбылыс болды. Алашорданың өмірге келуі тарихи қажеттіліктен туған болатын. Алаш ардақтылары халықтың мұң - мұқтажын терең түсініп, қазақ қоғамында қалыптасқан күрмеуі қиын мәселелерді шешуге тырысып бақты !

0
0
258

Еще по теме

Алаш арыстары - Yvision.kz