ҒАЛАМТОРДАСЫҢ БА?
Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде әлеуметтік желілерде блогинг жүргізу мәселесі бойынша семинар-тренинг өтті.
Алдымен «блог дегеніміз не?» екенін тарқатып алсақ. Бұл адамдарды қызықтыратын жазбалардың ғаламтор – күнделігі деп айтуға болады. Бүгінде блогер бір мамандықтың түрі болып кеткендей. Барлық мекемелерде блог жүргізіп, сол мекеменің жұмысын ақпараттандырып жүргендер арнайы адамдар жетерлік. Елімізге танымал Яков Федоров арнайы жобаны қолға алып қоғамдық ұйымдармен, сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектеп ұжымдарымен кездесулерді ұйымдастырып, блогингтың тиімді тұстарын түсіндіруде. Сонымен қатар жаңалықтармен бөлісу арқылы бүкіл елге танымал болуға әбден мүмкін екенін жеткізді.



Ал блог барынша танымал болу үшін, оның иесі алдымен бірнеше қағидаларды ұстанған жөн. Мыңдаған мақалалардың авторы Яков Федоров семинар-тренинге қатысушыларға көптеген кеңестер беріп, мысалдар арқылы кез келген жазған ақпараттың маңыздылығын көрсетті. Өз кезегінде тыңдаушылар ұйымдастырушыға сұрақтарын жаудырып, тұшымды жауаптарын алды.


Мұндай семинарларды Яков Федоров барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өткізуді жоспралап отыр. Болашақта оқушылар мектеп жұмысын ақпараттандыруды қолға алып, өздерінің жетістіктер туралы бүкіл елге жариялайды деп сенеміз. Бұл өз кезегінде балалардың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік беретіні аңық.
