ҚАЛАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ӨНДІРІСТІК МЕКЕМЕ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Бүгін қалалық сайлауалды штабының мүшелері "КМG CATERING-Ep" ЖШС өндірістік мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өтіп, оған жиынға мекеме ұжымы қатысты. Сайлау штабының мүшелері Жаңаөзен қаласы бойынша алдағы жоспарланған жұмыстармен, партияның толыққанды мақсаттарымен кеңірек таныстырды.
Қазірде Облыстың, оның ішінде Жаңаөзен қаласының өндірістік қуаты жоғары екендігі баршаға мәлім. Сондықтан да келешекте өндіріс орындарының ел экономикасы үшін қажетті жағдайлар жасауына қолдау көрсететінін атап өтті.
Бұл турасында "Nur Otan" партиясының Жаңаөзен қаласына арналған бағдарламасында "Экономикалық тұрақты" өңірге айналдыру үшін жаңа жұмыс орындарын құратындығы және өндіру өнеркәсібі мен көлік, логистика, агроөнеркәсіп кешеніндеріне ерекше назар аударылған. Сонымен қатар мұнай өндіру көлемін жыл сайын сақтау мен арматура, шина өңдеу цехтарының тұрақты жұмыс жасауын да қадағалау мәселесі қойылған.
Жиында ұжым тарапынан Теңге ауылы темір жолына асвальт төсеу, жаңадан салынып жатырған балалардың ойын алаңшаларының уақытылы сапалы салынуын, ауыз су, емханаларда емделушілерге дәрігерге кіруге кезекті реттеп отырушы таблолар орнату, көліктерге құйылатын газдың уақытылы беріліп отыруы жөніндегі өздерінің көкейіндегі сұрақтар қойылып талқыланды.
Жиын соңында қатысушыларды алдағы сайлауда белсенді болуға және "Nur Otan" партиясымен бірге жеңіске жетуге шақырды.
