ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР АЗАМАТТАР КОММУНАЛДЫҚ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Житек Муханов, Гулжан Жугенбаева, Асқар Ногаев пен Орынбасар Сейдов қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімінің еңбек ұжымымен кездесті.
Жиын барысында қаламыздың жалпы коммуналдық шаруашылық әл-ауқаты сөз болып, кемшіліктері барынша тілге тиек етілді. Жұмысшылар да тұрғындар тарапынан болатын уәж талаптарды сайлауда үміткер тұлғаларға жеткізді.
"Nur Otan" партиясының Жаңаөзен қаласы бойынша бағдарламасында көрсетілгендей: тұрғындарға "Жайлы қала" құрылымын жасап, ондағы жол-көлік инфрақұрылымын, экологиялық таза аймақ құру, қала берді тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғыртуға басым бағыттар дайындалған.
Сайлау штабы мүшелері аталмыш бағдарламалармен жұмысшыларды толық таныстырып, халықтың ауыз су, жылу, электр және газбен жабдықтау мәселелерінің басты назарда болатынын жеткізді.
Алдағы сайлауда белсенділік танытып "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
