Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АЛАҢСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ

Балабақша қызметкерлерінің айтуынша, мекеменің қабырғасы 1960 жылы қаланған. Жарты ғасырдан астам уақыт өткеннен кейін, 2013 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. Десе де, жаңа заманға сай жаңарту жұмыстарын жүргізу қажет болды. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында мұнда жаңа ойын алаңы пайда болып, материалдық-техникалық база толықтырылды.

ГҮЛБАНУ МҰҚАШЕВА, БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ

Мамыр айынан тамызға дейін жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қоршаулар ауыстырылды, ғимараттың кіре берісі жаңаша көрініске ие болды. Заманауи талапқа сай беріктігі жоғары, ұзақ мерзім қолдануға жарайтын металлмен қоршалды. Сондай-ақ, ішінара жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар "Nur Otan" партиясының желісі бойынша бақыланғанын айта кеткім келеді. Олар жұмыстардың сапасын тексеріп отырды.

Жөндеу жұмыстары жоспарланған уақытында аяқталды. Ата-аналардың өтініштері бойынша кезекті топтарға 10-15 баладан қабылданған.Балабақша қызметкерлері толық жасақталған. 30-ға тарта адам еңбек етеді. Десе де, кадр мәселесі бар. Тіл мамандары қажет.

http://kokshetautv.kz/kz/news/society/alansyz-balalyk-shak?fbclid=IwAR2G4blZq1fDhDH2EmvXx5_pl2Gkf67bW8RD3N4e_I28HGXh9av61PIvgEo#

0
0
196

Еще по теме