Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНІҢ ЖОЛ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖАЛҒАСУДА

2020 жылдың 4 қыркүйегінде жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандарымен «Ақжайық-адалдық аланы» жобалық офисімен, қоғам және БАҚ өкілдерімен бірлесіп Мендешев, Шыңғырлау Иманов көшелерінің күрделі жөндеу объектісінде мониторинг жүргізді.

Комиссиялық қарау кезінде Мендешев көшесі бойынша жол жиектерін нығайту жұмыстары бөлшектелген асфальтбетон түріндегі сапасыз материалмен жасалғаны анықталды.

Шыңғырлау көшесі бойынша жолдың негізін салу Лесозащитная көшесінің соңына дейін жетпейтіні анықталды, ал жұмыс жобасында бұл тротуар салумен қатар көзделген. Сонымен бірге, аталған көшедегі қиыршық тастың геометриялық параметрлері өлшенді.

Сонымен қатар, Иманов көшесі бойынша «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандарымен тиісті сараптама үшін керн және қоспа сынамасына іріктеу жүргізілді. Сынамалар бойынша сапа орталығының зертханасында сынақ жүргізілетін болады.

Осы жобаның міндеттерінің бірі белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

1
0
237

Еще по теме

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНІҢ ЖОЛ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖАЛҒАСУДА - Yvision.kz