Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНДЕГІ ЖОЛДАР САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

30.10.2019 жылы "Сапалы жол – Адалдық алаңы" жобасын жүзеге асыру аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкерлері және "Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы" РМК БҚО бойынша филиалының мамандары, АМТ мүшелері, Орал қаласының "ЖКжәне АЖ" ММ өкілінің қатысуымен күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан Ә. Молдағұлова к-сі, Тайманов көшелерінде (Бас мердігер - "Бірлік"ЖШС) мониторинг және сараптама үшін материалдар сынамасын іріктеуді жүзеге асырды.

Осы объектіде бетон жамылғысының жоба талаптарына сәйкестігіне, жамылғының жоғарғы қабатының ені, жүру бөлігінің геометриялық параметрлеріне (енін өлшеу, қалыңдығын анықтау және сараптау үшін жамылғыдан керндерді іріктеу)бойынша мониторинг жүргізілді.

Мониторинг нәтижесінде анықталғаны, бұл:

- Ә.Молдағұлова көшесінде Тайманов көшесінен бастап, Куличева көшесіне дейін жамылғының елеулі ауытқуы анықталды. Технологиялық сүйемелдеу орындарында (асфальт төсегіштің старт және табаны) 3 метрлік рейканың астындағы саңылаулар 10 мм-ден 15 мм-ге дейін құрайды, бұл жұмыс жобасынан ауытқу болып табылады.

Анықталған ескертулер бойынша уәкілетті органмен «ЖКжәне АЖ» бөлімі ММ және «Бірлік» ЖШС мердігеріне тиісті хаттар жіберіледі.

1
0
197

Еще по теме

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНДЕГІ ЖОЛДАР САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ - Yvision.kz