Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНДЕ ЖОЛДАР САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

2020 жылдың 24 сәуір күні «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Арнайы мониторинг тобы мүшелері және «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК БҚО бойынша филиалының мамандары қатысуымен күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан Айтқұлова көшесінде (Бас мердігер – «Түркістан Жол Сервис» ЖШС) мониторинг және сараптама үшін материалдар сынамасын іріктеуді жүзеге асырды.

Осы объектіде бетон жамылғысының жоба талаптарына сәйкестігіне, жамылғының жоғарғы қабатының ені, жүру бөлігінің геометриялық параметрлеріне (енін өлшеу, қалыңдығын анықтау және сараптау үшін жамылғыдан керндерді іріктеу) бойынша мониторинг жүргізілді. Алынған керндер бойынша сараптама жүргізілуде.

Осы жобаның міндеттерінің бірі белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысында қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

1
0
269

Еще по теме

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНДЕ ЖОЛДАР САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ - Yvision.kz