ҚАЛА ІШІНДЕ «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
ҚАЛА ІШІНДЕ «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Бүгін, 2020 жылдың 14 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер – Нұрғазы Сәтбаевтың сенімді өкілдері «Есіктен есікке» акциясы аясында қала тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Тұрғын үйлерді аралау кезінде үміткердің сенімді өкілдері тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасын қысқаша түсіндіріп, 5 жылдық бағдарламада көзделген әлеуметтік басымдықтар жөнінде айтты.
«Құрманғазы 164» мекен-жайында орналасқан көпқабатты пәтердің тұрғындары өздерінің ерікті түрде сайлауға барып, таңдау жасауға құлықты екендерін жеткізді. Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер – Нұрғазы Сәтпаевтың сенімді өкілдері акцияны алға тартып, «Құрманғазы» көшесінде орналасқан отбасылық жатақханаға барды. Ондағы тұрғындардың жағдайымен танысып, қыс маусымындағы жатақхананың жылу мәселесі туралы сөйлесті.
Сондай-ақ, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау жөнінде хабардар етіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
#nurotan
