Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

2016 жылы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, жарлыққа қол қойған болатын. Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын күн болып табылады. Алғыс айту күні – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен өзара сенімділік, барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметінің артуына негіз болатын мереке. Баршаңызды бүгінгі Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Осынау айтулы мерекеде аяулы аналарға, ардақты әкелерге, қазыналы қарттарға, жалынды жастарға алғыс айтамыз. Сіздерге бақ-береке, бейбіт өмір және табыс тілейміз!

0
0
245

Еще по теме

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ - Yvision.kz