Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТЕ БІЛЕСІЗ БЕ?

Бүгін, "Nur Otan" партиясы Абай аудандық филиалының ұйытқы болуымен аудандық төтенше жағдай бөлімінің мамандары «Төтенше жағдай кезіндегі алғашқы көмек» тақырыбында кездесу өткізді.

Өмір болған соң адам қайғылы жағдайға кез келген жерде ұшырауы мүмкін (үйде, көшеде, жолда, көлік апаттары кезінде немесе т.б.). Көбінесе азаматтардың алғашқы медициналық көмек көрсету жайлы білімінің жоқтығынан мұқтаж жандарға, кейде тіпті туысы, танысы немесе досына көмек көрсете алмай жатады.

Жиында сөз болғандай, алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты – адам өмірін құтқару. Төтенше жағдайда ең бастысы – алғашқы секундтарда дұрыс әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше апатқа ұшыраған адамның өмірін сақтап қалу екенін айтты Абай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтақ қорғау аға лейтененты Д.Шынарбай.

Сондай-ақ, аудандық ТЖ бөлімінің мамандары улы газбен уланғанда, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы білімімен бөлісіп, медициналық көмек ұсыну ережесін түсіндірді.

1
0
114

Еще по теме

АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТЕ БІЛЕСІЗ БЕ? - Yvision.kz