АЛҒА, ҚАЗАҚСТАН!
ҮНДЕУ
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
Қазақстан халқын бүгінгі қаржы дағдарысынан ғана емес, келешекте жарқын болашаққа жеткізетін бірден-бір жол – ол, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған 5 институционалдық реформа. Демек, Қазақстан халқы осы реформаны іске асыру жолында, әркімнің атқарып отырған қызметі мен кәсібіне қарамастан бір жұдырықтай жұмылуы керек. Сонда ғана қазіргі қаржы дағдарысын меңгеріп, халықтың жағдайын жақсартып, мемлекетімізді нығайтуға жол ашылады және Елбасының алға қойып отырған, әлемдегі 30 алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер қатарына қосылуға мүмкіндік туады. Әрбір адам, ол мемлекеттік қызметте болсын, жеке кәсіппен айналыссын, өз еңбегі арқылы ғана Қазақстанның дамуына үлес қоса алады. Яғни, әрбір адам өзінің сапалы еңбегі арқылы халықтың сапалы өміріне үлес қосады. Ал өзінің жұмысын немқұрайды атқарып, басқадан сапалы қызмет талап ету – әділетсіздік. Сапалы еңбек – жарқын болашаққа жол ашады, ал сапасыз істелген жұмыс дамуды тоқтатпағанымен, оның баяулауына ықпал етеді. Яғни, бұл реформаны іске асыруға әрбір Қазақстан азаматы ат салысуға мүдделі. Бұл мақсат жалпы Қазақстан халқына тиісті болғандықтан,
«Менің мамандығым – саладағы ең жақсы,
Менің мекемем – еліміздегі ең үздік,
Менің Елім – әлемдегі ең сүйікті,
Ол – Мәңгілік Ел, менің Қазақстаным!
Алға, Қазақстан!»
деген ұранмен, Елбасы ұсынған 5 институционалдық реформаны іске асыруға ықпал жасау мақсатында «Алға, Қазақстан!» Жалпыұлттық қозғалысына қатысуға әрбір қазақстандықты шақырамыз. Бұл реформаны жүзеге асыру әрбір қазақстандықтың ортақ мүддесі. Осы реформаны іске асыруға бір адамдай ат салысайық!
Алға, Қазақстан!
ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ МАҚСАТЫ
Әрбір қазақстандықтың жеке мүмкіншілігін қолдану арқылы 5 институционалдық реформаны іске асыруға ықпал жасау және осы реформаны жүзеге асыру арқылы әрбір қазақстандықтың өмірін жақсарту.
ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ МІНДЕТІ
Қозғалыстың негізгі міндеті, 5 институционалдық реформаның маңызын халыққа насихаттай отырып, осы реформаны іске асыру жолында кездесетін қиыншылықтарды зерттеп, кедергілерді жоюға ықпал жасау.
«Азаматтық қоғам орталығы»
Қоғамдық бірлестігі
Астана қаласы
08.02.2016 ж.
