АЛҒА АУДАНЫНДА «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ
Жиынға фракция төрағасы Джалгаспаев Мирлан Алпамысович төрағалық етті. Отырыста Алға ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі «Өзгерістер жолы: Барлығына лайықты өмір!» 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасының жобасы талқыланды. Жиын аясында алдымен «Nur Otan» партиясы Алға ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған іс-шаралар жоспары, яғни Жол картасын талқылап, Саяси Кеңес бюросына жолдау мәселесі қаралды. Сайлауалды бағдарламаны толықтай қамтыған Жол картасы бойынша әр салаға бір депутаттан бекітіліп, жасаған жұмыстары бойынша есеп беріп отыруға міндеттелді. Күн тәртібіндегі екінші мәселе фракцияның 2021 жылға жұмыс жоспары талқыланып, Саяси Кеңес бюросына келісуге жолдау туралы шешім етті.

2021-2025 жылдарға арналған Жол картасының жобасы негізінде жүктелген міндеттер мен тапсырмаларға байланысты депутаттар пікірлерін білдірді.

Біз халық пен билікті байланыстыратын буын ретінде халықтың сенімі мен ақ-адал аманатын арқалап отырмыз. Сондықтан да сайлауалды бағдарламаларымызды жүзеге асыру үшін еліміздің, ауданымыздың әлеуметтік дамуын ілгерілетуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты жоспарларымызды, яғни Жол картасымен толық таныстық. Біз, «Nur Otan» депутаттары, барлық сайлауалды міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етеміз- деді аудандық маслихат депутаты, фракция мүшесі Арман Жылгелді.
