"АЛҒА! АЛҒА!" "NUR OTAN"
«Nur Otan» партиясы қашан да халықтың қолдауымен жеңіске жетіп келеді. Қазақстандықтардың сеніміне ие болған бұл партия алға қойған мақсатынан танған емес. Алдағы сайлауда да жеңіс тұғырынан көрініп, ел үмітін ақтауды мақсат етті. Партияның атынан Мәжіліс депутаттығына, облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер барынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келеді. Тұрғындармен кездесу барысында олардың «Nur Otan» партиясына деген жақсы көзқарастарын байқаған-ды.
Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ғалымжан Зиябек пен Сәуле Омаш Бөржар ауыл округіне қарасты Теспе елдімекенінің тұрғындарымен кездесті. Олар Сайлауалды бағдарламасын кеңінен әрі түсінікті етіп жеткізді. «Nur Otan» партиясының мақсаты қандай? Тәуелсіздік жылдары не іс атқарды? Алдағы бес жылда қандай істерді жүзеге асырады? Үміткерлер осы сұрақтар төңірегінде айтып өтті. Сонымен қоса, аудан көлемінде қандай жұмыстар атқарылатынын тілге тиек етті. Теспеліктер өз тараптарынан сауалдарын жолдап, аталмыш партияға деген көзқарастары жақсы екендіктерін жеткізді.
