kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

Актив отырысы

орынбасарын тағайындау.Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Үкімет үйіне, депутаттарға және партияның Орталық аппаратына осы жылдың 14 қаңтарында берген тапсырмасына орай, күні кеше 16 ақпан күні аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция жиналысы өтіп, депутаттар арасында «Nur Otan» партиясы Сарқан ауданының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021–2025 жылдарға арналған Жол картасының жобасы талқыланып аудандық Саяси кеңес бюро отырысына бекітілу үшін жолданды.«Жол картада» партияның нақты мақсаттары бағытталған, Сайлауалды бағдарламада халықтың барлық санатын қамтыған, сонымен бірге, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, денсаулық, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамытуға жаңа қадам жасалынбақ. Бағдарламада отбасын, әйел азаматтарды, жастарды қолдауға да ерекше көңіл бөлінген. Мақсаттарға жету үшін «Жол картасының» әрбір тармағының орындалуы партия тарапынан қатаң бақылауға алынған.Актив отырысына «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Қожағұлқызы Тойлыбаева және облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Аслан Нұрахметұлы Кубентаев, аудандық Саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, аудан әкімінің орынбасарлары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Айта кетейік, Сарқан аудандық «Nur Otan» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Көкөзек ауылының тумасы Абдрахманов Аслан Төреханұлы тағайындалды.