Акромантул (Acromantula)
АКРОМАНТУЛ
С.М. жіктемесі: ХХХХХ (ХХХХХХХХХ)

Акромантул - бұл сегіз көзді, адамша сөйлей алатын орасан дәу өрмекші. Ол алғаш Борнеоның қалың джунглиінде пайда болған. Денесін жұқа қара түк басқан, ал шеңгелдерінің құлашы төрт жарым метрге дейін жетеді. Ауыз қысқаштары улы болады, және ашуланғанда не қорыққанда қысқаштарымен қатты сақылдата бастайды. Акромантул жыртқыш хайуан болғандықтан, ірі олжа аулағанды ұнатады. Ол өзінің күмбез тәрізді өрмектерін әдетте жердің бетіне жақын орналастырады. Ұрғашысы еркегінен үлкендеу болады, және бір дегенде жүз жұмыртқаға дейін басуы мүмкін. Доптың мөлшеріндей жұмыртқалары аппақ және қабықшасы жұмсақ болады. Балалары алты-сегіз аптада жарылып шығады. Сиқырлы жаратылыстарды бақылау бөлімі Акромантулдың жұмыртқаларын Саудалауға болмайтын тауарлар тізімінің «А» санатына жатқызады. Яғни, Акромантулдың жұмыртқаларын импорттау немесе саудалау заңмен қатаң жазаланады.

Акромантулды сиқыршылар жаратқан деп айтады. Сиқырдан туған хайуандардың жаратылу мақсаты әдетте біреудің иелігін немесе қазынасын қорғау болғандықтан, Акромантулдың да пайда болу себебі бәлкім сондай. (Адамша сөйлейтін хайуандар өте сирек жағдайларда ғана сөйлеуді өздері үйренеді; Бейпілдектерді санамағанда. Тәжірибелік өсірімді тыйдыру туралы заң осы ғасырда ғана қабылданған, ал ең алғашқы Акромантулдар бұдан бұрын, сонау 1794 жылы байқалған болатын). Акромантул адами ақыл-ойға ие болғанымен, оны қолға үйрету мүмкін емес, және сиқыршы үшін де, магл үшін де аса қауіпті болып табылады.
Шотландияда Акромантулдардың мекені бар деген сыбыстар расталмаған. (Гарри Поттермен және Рон Уизлимен расталған)

