АКЦИЯ ЖАЛҒАСУДА
Шардара ауданында «Есіктен есікке» акциясы аясында «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар сайлаушылармен жүзбе-жүз кездесуде.
Тұрғындармен кездесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктері туралы тарата айтып, сайлау күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Тұрғындар өз кезектерінде кандидаттарға алғыс білдіріп, саяси науқаннан шет қалмайтындарын жеткізді.
Аталған шара күні бойы өз жалғасын табады.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
