Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Акция "От двери к двери" Подомовая агитация кандидатов в депутаты районного маслихата

Бүгін”Nur Otan”партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жантілеш Мухамбетов "Есіктен есікке" акциясы аясында Қарағаш ауылы тұрғындарының үйлеріне арнайы барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. “Есіктен есікке” шарасында әр жанұяда өткен жүздесуде сайлаушылар «Nur Otan» партиясының ел дамуындағы үлесінің зор екендігін атап өтіп, алдағы сайлауда бас партияға сенім білдіріп, қолдайтындықтарын жеткізді. Біздің сайлау науқанындағы басты ұранымыз – «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» - ол еліміз үшін күрделі кезеңдердегі қоғамымыздың басты біріктіруші мақсаты мен құндылықтарын көрсетеді. Онда Елбасы айтқан жетістіктің үш негізгі қағидаты бар. Бұл - жауапкершілік, партиямыздың бірлігі, ортақ мұраттар мен мақсаттарды ұстану.

0
0
143

Еще по теме

Акция "От двери к двери" Подомовая агитация кандидатов в депутаты районного маслихата - Yvision.kz