«АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ КОНТЕКСТІНДЕ»
2017 жылдың 24 қарашада Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да еліміздің жоғары оқу орындары арасында «Академиялық адалдық рухани жаңғыру контекстінде» тақырыбында телекөпір оздырылды.
Телекөпір жұмысына ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисінің басшысы, облыстық мәслихат депутаты С.А.Тұманбаева, облыстағы ЖОО басшылары, профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттер, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық қағидаларын нығайту.
Сонымен қатар, телекөпір жұмысы барысында Назарбаев университетінде «Абыройлы ұстаз» эстафетасы бастау алып, шара соңында аталған эстафета Қазақстанның ЖОО тарапынан толықтай қолдау тапты.
