kk
Default banner
Разное
426 297 постов48 подписчиков
Всяко-разно
2

«АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШІМДЕРІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2019 жылдың 4 желтоқсан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО департаменті және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ұйымдастыруымен «Академиялық адалдық: мәселелері мен шешімдері» тақырыбында халықаралық конференциясы өтті.

Мақсаты –академиялық адалдық саясатын дамыту және зерттеушілер мен практиктердің тәжірибе алмасу.

Конференция «ЖОО-дағы академиялық адалдық» және «Студенттер арасындағы плагиатқа қарсы мәдениет (Ашық алаң)» тақырыптарында екі секциялық отырыс пен «ЖОО-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеудегі рөлі» пленарлық жиналысты қамтыды.

Конференция жұмысына БҚО әкімінің бірінші орынбасары М.Н.Манкеев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО департаментінің басшысы Р.С.Ақмырзаев, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректоры А.М.Наметов, «Нұр Отан» партиясы БҚОФ төрағасының бірінші орынбасары М.Р.Мұқаев, Нью-Йорк қалалық университетінің оқытушысы, PhD Robyn Bantel Ann, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Ө.Салиева, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының «Жүрек» бағытының координаторы Н.Н.Қыдыралина, облыстық арнайы мониторингтік тобының мүшелері, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері және университет ұстаздары мен студенттері қатысты.

Шара соңында, Р.С.Ақмырзаев Агенттік жұмысының негізгі бағыттарына тоқталып, қатысушыларды адал, парасатты болуға және мемлекет пен азаматтардың мүддесіне шынайы қызмет етуге шақырды.

Конференция қорытындысы бойынша қарар қабылданып, оқу орындары мен мекемелерге жолданатын болады.