Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТІҢ ҚАЙТАРЫМЫ БОЛАДЫ

Кезекті қайырымды істердің бірі ауданымызда тұратын Асыл Туленованың үйіне газ құбырын кіргізіп берді. Жалғызбасты ананың газ құбырын тарту мәселесі бойынша "Nur Otan" партиясы Ойыл аудандық филиалына өтініші келіп түскен болатын. Сол өтініш негізінде ауданымыздың 1983 жылғы туылған азаматтары қазіргі Ж.Жүсібалиев атындағы мектептің 2000 жылғы түлектері, Мұхтарова Гүлсім апайдың шәкірттері "В" сыныбының оқушылары, ұзындығы 60 метр жерден газ тартып кіргіздіріп берді. Бұл істері көпке үлгі екені анық. Бұның алдында Асыл Туленованың үйіне көршілері су кіргіздіріп берген болатын. Осындай игі істің басы қасынан табылатын ауданымыздың азаматтары аз емес. Біз осындай белсенді азаматтарымыздың "Nur Otan" партиясы қатарында екенін мақтанышпен айта аламыз!

Еще по теме

ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТІҢ ҚАЙТАРЫМЫ БОЛАДЫ - Yvision.kz