«AGUA ROSSA» ЖШС КӘСІПОРНЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
«AGUA ROSSA» ЖШС КӘСІПОРНЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
Бүгін, Шымкент қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер кандидат Е.М.Омаров сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары аясында қаламыздағы " Agua Rossa " кәсіпорнының ұжымымен кездесті. Кездесуде Ерлан Мамырайханұлы Омаров партияның сайлауалды бағдарламасымен партияның алдағы бес жылдық жұмыс жоспарын ұжымға таныстыру жұмыстарын жүргізді. «Nur Otan» партиясы «Қиындықты еңсеріп, Жеңіске бірге жетеміз» деп ұдайы халықтың ортасынан табылып, сенімін ақтауға тырысқан «Nur Otan» нақты нәтиженің, ілімді істің партиясы атанып, елдің көңілінен шыға білген деп өз ойын жалғастырды. Елімізді әлемнің ең қуатты, дамыған елдердің қатарына қосу – партияның болашаққа бағыт сілтейтін темірқазығы. Партияның ең басты мақсаты – ұлт Тәуелсіздігінің тірегі болу, ел еркіндігін нығайта түсуге күш салу болып табылады. Өйткені, «Nur Otan» – бүгін де халқының қамын, жұртының мұң-мұқтажын, жастардың болашағын әріден ойлаған жетекші партия. Сондай-ақ, Әрбір азамат жаңа білімге ұмтылып, тұрақты түрде дамуы, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы, қоршаған ортаны қорғауы қажет. Бағдарлама осынау талпыныстарды қызу қолдауға бағытталған. Оған қоса бағдаралам аясында бизнесті жан-жақты қолдау, ауыл шарушылығын дамыту, тұрақты жұмыс орындарын көбейтуі туралы да айтып. Бағдарлама орындалуы кәсіпорын өкілдерінің көңілдерінен шығып, партияға сенім білдіретіндерін айтып, алдағы келе жатқан 2021 жылдың 10 қаңтар күні сайлауға қатысатындарын кәсіпорын өкілдері жеткізді. Ең бастысы, Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жететініміздіге сенім білдірген " Agua Rossa " кәсіпорнының ұжымына рахмет айтып кездесуді аяқтады.


