Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАМАНАУИ МЕХАНИЗМДЕР»

2018 жылың 22 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бекітілген қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2018 жылға арналған Кешенді жоспары аясында «Агроөнеркәсіптік кешеніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи механизмдер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференция жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Жұбаныш, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдинов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері, мемлекеттік қызметшілер мен жоғары оқу орындарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Шара барысында «ҚР асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа байланысты туындайтын мәселелері және міндеттері туралы», «Ауыл шаруашылығы саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы», «Агроөнеркәсіптік кешеніндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі ұлттық құндылықтардың маңызы» және «Әдеп жөніндегі уәкілдің атқарылған жұмыстары туралы» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды.

Шара барысында қатысушылардың тақырып бойынша көкейдегі сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар ұйымдастыруға өз үлестерін қосатындарын атап өтті.

1
0
350

Еще по теме

«АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАМАНАУИ МЕХАНИЗМДЕР» - Yvision.kz