Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Еліміздің экономикалық дамуында агроөнеркәсіптік кешеннің маңызы бар. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдың өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.

📌Аграрлық-өнеркәсіптік кешен - іс-әрекеті өзара тікелей немесе жанама байланысты, халықтың азық-түлік қажеттіктерін қанағаттаңдыруға бағытталған салалардың (кәсіпорындардың) жиынтығы десек те болады. Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің мынадай негізгі үш саласы бар:

ауыл шаруашылығына, тамақ өнеркәсібіне және ішінара жеңіл өнеркәсіпке қызмет көрсетуге және күрделі құрылысқа арналған өндіріс құралдарын өндіру;

ауыл шаруашылығының өзі.

📌Бүгін «Бөрте милка» ЖШС-де агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша кездесу өтті. Басқосуда аталмыш серіктестіктің бүгінге дейін жеткен жетістіктері, алға қойған жоспарлары айтылды. Айта кетейік, «Бөрте милка» ЖШС «Түркістан өнімдері - 2019» үздік тауарлардың көрме жәрмеңкесінде бренд деп танылған болатын.

0
0
106

Еще по теме

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ - Yvision.kz