АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН ҚҰРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ЖАЛҒАСТЫРЫЛАДЫ
Өңірде инвестицияларды тиімді салу, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларынан барынша пайда алу, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен әртараптандыру және жарақтандыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Соның нәтижесінде 5 жылда ауыл шаруашылығы салаcында 40 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Сонымен қатар ауданда 1 алқаптан 2-3 рет өнім алу жобасын қолға алып, іске асыру жоспарлануда. Бұл үшін «Nur Otan»: жабық топырақта көкөніс, яғни, жылыжайда өнім өндірушілерді уақытылы субсидиялау мақсатында басым дақылдарды субсидиялау туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қағидасына қосымша ұсыныстар енгізуге; ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға; 2020 жылы Жібек жолы ауылдық округінен 5000 бастық мал бордақылау алаңының құрылысына; 2021 жылы Қабланбек ауылдық округінде 1000 бастық мал бордақылау алаңын ашуға; 2025 жылға дейін аудандағы қарапайым жылыжайлардан заманауи өнеркәсіптік жылыжай көлемін ұлғайтуға ықпал етеді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 107,6-%-ға дейін артады.
Бұл туралы бүгін Сарыағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Д.Динашова, А.Бейсенова, З.Ибадуллаева, С.Раев және Н.Байгабулова Тегісшіл ауылдық округі, Таскескен ауылының сайлаушыларымен «Есіктен-есікке» акциясы аясында кездескенде айтты.
Сайлаушылардың саяси науқан жайлы пікірін тыңдап, 10 қаңтарда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
