АГРАРЛЫҚ СЕКТОР ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Әлемде орын алып жатқан пандемия аграрлық салағада өз зиянын тигізді. Алайда, соның әсеріне қарамастан, елімізде аталмыш салаға байланысты жасалған мемлекеттік бағдарламалар қолға алынып, көптеген игі жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Мемлекетіміздің отандық агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты тың бастамаларының оң нәтиже бере бастауы көңіл қуантып жатыр. Президентіміз биылғы жолдауында «Технологиялық тұрғыдан ескірген суару жүйесі үлкен кедергі келтіріп отыр. Судың 40 пайызы далаға кетіп жататын кездері болады. Онсыз да су тапшылығының зардабын тартып отырған еліміз бұған жол бере алмайды. Осы саланың нормативтік-құқықтық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз етіп, заманауи технологиялар мен инновацияны енгізу үшін экономикалық ынталандыру шараларын әзірлеу қажет.» деген болатын. Жиынға келген сала мамандары Президент Жолдауы аграрлық сектор мамандарына үлкен үміт артып отқанын айтып, Елдің аргоөнеркәсібін дамытуда барынша жұмыс жасайтындарын жеткізді.
