Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Агитация общество «Возрождение»

Бүгін сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттығына үміткер «Nur Otan» партиясының мүшелерімен «Возрождение» («Wiedergeburt») қазақстандық немістер бірлестігі» қоғамдық қоры өкілдерімен онлайн форматта кездесу өткіздік.

Аталған қор – саяси-қоғамдық және мәдени-ағартушылық қызметпен айналысатын бірлестік. Мақсаты - өзге мемлекеттердегі неміс халқының өзіндік этникалық ерекшеліктерін сақтау, өзге ұлт өкілдерімен құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету. Қор ұлттық мәдени-тарихи мұраны, салт-дәстүрді, неміс тілін сақтау және жаңғырту бағытында қызмет етеді. Сонымен қатар әлеуметтік, жастар, білім және этномәдени салаларда кәсіби жобаларды жүзеге асыруда.

Онлайн кездесу барысында қор өкілдерін «Nur Otan» партиясының бағдарламаларымен таныстырып, сайлауалды үгіт-насихат жүргіздік.

Біз көпұлтты мемлекет ретінде барлық этнос өкілдеріне әрдайым қолдау білдіреміз.\

Дакенов Ерлан

Еще по теме

Агитация общество «Возрождение» - Yvision.kz