Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АГИТАЦИЯ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

7 қаңтар 2021 жылы Түлкібас ауданы маслихатының депутаттығына үміткер Ж.Абиловтың "Nur-Оtan" партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау жұмыстары Т.Рысқұлов ауылының байырғы тұрғыны, 94 жастағы тыл және еңбек ардагері Анна Павловна Плотникованың үйінен басталды. Үміткер ауыл тұрғындарын "Рождество" мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, үміткер Партия бағдарламасындағы орта және кіші кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында Т.Рысқұлов ауылының орталығындағы дөңгелек ауыстыру, май ауыстыру мекемелері мен кіші маркеттерді аралады. Май ауыстыру бекетіндегі жас кәсіпкер Абылай өзінің жеке кәсібімен халыққа қызмет етуді мақтаныш тұтатынын, келешекте өз кәсібін кеңейтуге ниетті екенін білдірді. Үміткер партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында Майтөбе, Көксағыз ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының президентті Қ.К.Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласындағы айтылған ой- пікірлерге тоқталды. Мен, өмірдегі бірінші "Nur Оtan" партиясына үміткер ретінде бейбітшілік пен келісімі жарасқан елді қолдаймын. Мұнда өзін- өзі жетілдіру мен бақытты өмір сүруге мүмкіндіктер шексіз. Біз елімізді болашақ ұрпақ үшін сақтауға міндеттіміз - деді. Ел президенті көтеріп отырғандай, "Қазаққа ұлан-ғайыр жерді ешкім сыйға тартқан жоқ, бұл жер бабадан қалған асыл мұра " екендігі баршаға мәлім. Сондықтан, мақаланы құр ұранға айналдырмай, өй елегінен өткізіп, тәуелсіздігімізді нығайтуға еңбек етуге шақырды. Өз кезегінде кездесуге қатысушылар "Nur Оtan" партиясының жұмысына және келешекте орындалатын іс-шараларға қолдау көрсетіп, 10 қаңтарда бір кісідей "Nur Оtan" партиясына дауыс беретіндерін айтып, тарқасты.

0
0
164

Еще по теме

АГИТАЦИЯ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН - Yvision.kz