Агитация Аршалы ауданында
Бүгін мәслихат депутаттығына үміткер ретінде Аршалы ауданында орналасқан “Жансая” демалыс орнына барып партиямыздың сайлау алды бағдарламасымен таныстырдым!
__________________________________
Жалпы қарапайым халыққа ыңғайылы, қолжетімді бағада!
Жақында ғана ашылған бұл демалыс орынында атқа мініп серуендеу қарастырылған.
Жалпы осындай кәсіпкерлікпен айналысып отқан демалыс орынның басшылығына тек сәттілік тілеймін!
📷📷📷📷📷📷📷📷📷📷📷📷📷
📷📷📷📷📷📷📷📷📷📷📷📷📷
Ал шағын және орта бизнесті дамыту партиямыз сайлау алды бағдарламасында бекітілген!📷
Жеке бизнес ашу үшін 50 мың азаматқа, оның ішінде 42 мың ауыл азаматтарына жалпы сомасы 250 млрд теңгеге шағын несиелер беріледі. Жалпы алғанда шағын және орта бизнес секторында жұмыспен қамтылғандар саны 3,5 млн-нан 4 млн адамға дейін, ал оның ЖІӨ-дегі үлесі -30 дан 35% ке дейін өседі.
NUR OTAN партиясы жеке меншікке қол сұғылмауды, ашық бәсекені, макроэкономикалық тұрақтылықты, қолайлы инвестициялық ахуалды және экономиканы әртараптандыруды қолдайды. Бұл – кәсіпкерлікті жандандыруға, елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге қажетті жағдайлар.
Мемлекет орта таптың тірегі, экономикалық дамудың қозғаушы күші, инновацияның, жұмыспен қамтудың және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының негізі болатын бизнеске жан-жақты қолдау көрсетеді!
_____________________________________________
Осындай жағдайлар қарастырылған партиямызға ел болып, 10 қаңтар күні сайлауға белсене атсалысып NUR Otan партиясына дауыс беруге шақырамын!!


Данабеұлы Ақылбек
