Агитационная встреча в с.Шолаксай





16 желтоқсан күні ҚР Мәжіліс депутаттығына кандидат Сапарова Әлия Сүйіндікқызы мен аудандық маслихат депутаттығына кандидаттарының Науырзым ауданының "Шолақсай-1" ЖШС сайлаушыларымен үгіт-насихат кездесуі өтті. "Nur Otan" партиясы барлық аудандар мен қалаларда нақты өңірдің таяудағы 5 жылға әлеуметтік-экономикалық дамуына қол жеткізуге бағытталған сайлауалды бағдарламаларын әзірлеп, бекіткен болатын. Осыған байланысты, кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша жан-жақты жауаптар мен егжей-тегжейлі түсініктемелер беріп, сондай-ақ барлығын азаматтық белсенділік танытып, 10 қаңтарда сайлау учаскелеріне келіп, халықтың мүддесін қорғайтын лайықты партия үшін өз дауыстарын беруге шақырды.
16 декабря состоялась агитационная встреча с кандидатами в депутаты Мажилиса РК Сапаровой Алией Суюндиковной и кандидатов в депутаты районного маслихата с избирателями ТОО "Шолаксай-1" Наурзумского района. Партия "Nur Otan" разработала и утвердила во всех районах и городах предвыборные программы, направленные на достижение социально-экономического развития конкретного региона на ближайшие 5 лет. В связи с этим, в ходе встречи кандидаты дали исчерпывающие ответы и подробные разъяснения по предвыборной программе партии, а также призвали всех проявить гражданскую активность, прийти на избирательные участки 10 января и отдать свои голоса за достойную партию, которая будет представлять интересы народа.
