Агитационная встреча в Казахском театре драмы им.И.Омарова
Бүгін, 8 қаңтар, сайлау алдындағы марафонның соңғы күні.
⠀
Әр түрлі деңгейдегі: мәжіліс және маслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт жұмыстары аяқталуда.
Сайлау науқаны екі айға созылды және бүгін 10 қаңтарға белгіленген сайлау күні сайлау учаскелеріне көбірек азаматтарды тартуға бағытталған соңғы шаралар өтеді.
⠀
Бүгін қалалық маслихатқа кандидат Сотников Евгений Владимирович, облыстық маслихатқа кандидаттар - Дощанова Алма Иргибайқызы және Дабылов Аслан Жұмағалиұлы "Nur Otan" партиясының өкілдері ретінде И.Омарова атындағы қазақ драма театрында кездесу өткізді.
⠀
Театрдың шығармашылық ұжымы әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық бағыттағы, сондай-ақ мәдениет пен өнер саласына қатысты сұрақтарды қоя отырып, ықыласпен диалогқа кірісті.
⠀
Мемлекет басшысы атап өткендей, біздің ортақ міндетіміз – халқымыздың жаңа бірегейлігін қалыптастыру және бүкіл ұлттың сапасын жақсарту.
⠀
"Nur Otan" партиясы біздің қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтауды және көбейтуді қолдайды.
Біз Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры"бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастырамыз.
⠀
Осыған байланысты "Nur Otan" партиясы мынадай міндеттер қояды:
✅ ұлттық дәстүрлі өнерді насихаттау,
✅ қазақ тілін танымал ету және қолдануды кеңейту, Қазақстан халқының тілдерін дамыту,
✅ конфессияаралық саланың тұрақты дамуы және Қостанай облысының діни этикасын қалыптастыру,
✅ тарихи-мәдени мұраны сақтау және дәріптеу,
✅ қала мен облыстың киелі және естелік орындары бойынша экскурсиялық турды іске асыру,
✅ ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды және ұлттың мәдени кодын сақтауды жалғастыру.
⠀
Nur Otan партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің өркендеуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына жұмыс істеуді жалғастырады.
Біз Сіздерді 10 қаңтарда өтетін сайлауда "Nur Otan"партиясын қолдауға шақырамыз!
