Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Агитационная встреча кандидатами в депутаты районного маслихата с представителями здоровоохранения

“Nur Otan” партиясының сайлауалды тұғырнамасын түсіндіру бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың Денсаулық сақтау өкілдерімен үгіт-насихат кездесуi өтті

Дәрігерлер депутаттыққа үміткерлерге үміт артады

Елдің саулығы-мемлекеттік басты жетістігі. Денсаулық саласындағы барлық халыққа жасалып отырған қамқорлықтар мен мемлекеттік бағдарламалар әр тұрғын үшін қол жетімді болуы тиіс. Бұған қоса әрбір тұрғын сапалы ем-дом алып, ертеңгі күніне сенімді көзқараспен қарай алуы керек. жалпы медицина саласының бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай, алға қойған мақсаттар неге негізделген деген сауалдарға жауап алу мақсатымен аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар денсаулық саласының өкілдерімен жүздесті.

Жалпы бұл сала қызметкерлері «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалып жатқан жұмыстар ең алдымен адам денсаулығын қорғап, салауатты өмір сүруге жетелейтінін айтты. Сонымен қатар міндетті медициналық сақтандырудың ерекшелігі, науқас жандардың ем-дом қабылдайтын аурухананы, тіпті емдейтін дәрігерді де өз таңдай алу мүмкіндігі туралы да баяндалды. Мұның бәрі еліміздің көшбасшы партиясы «Nur Otan»-ның тікелей ат салысуымен жүзеге асып жатқандығы де айқын десті. Партияның соңғы съезінде де адам өміріне жауапты ақ халатты жандардың еңбегін бағалау, марапаттау, еңбек ақыларын өсіру бағытындағы айтылған тұстар дәрігерлерге үлкен сенімділік, кәсіибі ізденуге құлшыныс беретінін айтқан кездесуге келушілер, алдағы сайлауға белсенділікпен қатысу өз борыштары екенін мәлім етті. Кандидаттар да өз тараптарынан партия өз бағдарламасына сәйкес халықтың денсаулығы жолында мүмкін болған барлық іс-шараларды жүзеге асыратынына сендірді.

0
0
110

Еще по теме

Агитационная встреча кандидатами в депутаты районного маслихата с представителями здоровоохранения - Yvision.kz