Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚАДІРМЕНДІ ҰСТАЗДАР! ҚҰРМЕТТІ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ!

Қоңырау үнi. Бұл үн бiлiм кемесi – мектеп қабырға­сынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс, жүрегiне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады. Соңғы қоңырау – осындай қимас қоштасу әуенi сәтiмен ыстық.

Еліміздегі игiлiктердiң барлығы елдiң болашағы – жас ұрпақтың келешегi жарқын болуы үшiн жасалып жатқанын көрсетеді. «Ауылына қарап, азаматын таны» деген, сендер қайда жүрсеңдер де туған ауылымыздай сынды келешегi кемел, өрiсi кең құшақтан шыққандарыңды ұмытпауға, туған жер, өскен орталарыңды мақтан етуге тиiссiңдер. Бұл жағдайды өздеріңізден бұрынғы мектеп түлектері аға-апаларыңыз "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында дәлелдеп келе жатыр. Алдағы уақытта ауданымыздың мәрте­бесiн арттыратын сендерсiңдер, жас түлектер! Қадамдарыңыз- қарымды, асуларыңыз- алымды осының бәріне әмір ететін жүректеріңіз жалынды болсынІ

Игі тілекпен: "Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы.

0
0
122

Еще по теме

ҚАДІРМЕНДІ ҰСТАЗДАР! ҚҰРМЕТТІ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ! - Yvision.kz