Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ»

2020 жылдың 27 ақпан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) мен Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігі бірлесіп Қазақстан Республикасының Президент жанындағы басқару академиясында «Адам құқықтары» атты тақырыпта британдық заңгер Джонатан Купер мен қазақстандық танымал адвокат Айман Умарованың қатысуымен семинар өткізді.

Семинар жұмысына бейнеконференцбайланысы арқылы «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі, «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталық қызметкерлері, АМТ мүшелері мен балалар құқықтарын қорғау жөніндегі және Полиция департаменті өкілдері, аймақтық адвокаттар, нотариустар, жоғары оқу орындарының 3-4 курс студенттері, магистранттар, заң саласындағы журналистер қатысты.

Семинар халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оған қарсы тұру тұрғысындағы адам құқықтарының сақталуы туралы құқықтық сауаттылығын арттыруға, айыптау мен қорғаудың тепе-теңдігін сақтауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қатысты халықаралық заңнаманы білуге ​​бағытталған.

1
0
233

Еще по теме

«АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ» - Yvision.kz