«АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» Целиноград ауданында
А.ж. 28 шілдеде Аршалы және Целиноград аудандарының шекарасында «Адал жол - Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.
Салтанатты іс-шараға Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.К. Айткужинова, «Нұр Отан» партиясы Целиноград аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі Р.Е. Сейдахметов,мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау бөлімінің басшысы К.М. Ахметов, мемлекеттік және құқықтық бөлімнің басшысы А.Н. Салыбекова, персоналды басқару қызметінің басшысы Д.Г. Хусаинов, ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.О. Дюсебекова, «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры С.О. Мусина, ішкі саясат бөлімінің, білім бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ, Целиноград ауданының жастары қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, а.ж. 1 сәуірде Көкшетау қаласында «Адал жол - Честный путь» облыстық мега-жобасы бастау алды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері департаменті ұйымдастырған брифингте жарияланған болатын.
Целиноград ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон 29 шіледен бастап 10тамызға дейін өткізілетін болады.
