«Адал жол – Честный путь» Астрахан ауданында
2016 жылдың 25 тамызында Астрахан ауданының Колутон ауылдық округінде «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберінде мобильді топтың ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесуде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Мартыновская Людмила Петровна демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы бойынша түсінік берді.
Сонымен қатар, Л. Мартыновская «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында сыбайлас жемқорлық қауіптерінің және құқықбұзушылықтардың алдын алумен айналысатын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық кеңес жұмыс істейтіні туралы айтты.

