Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«Адал жол – Честный путь»

Ағымдағы жылдың 5 қазанда Есіл ауданының Красивинский селолық округінде «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының негізгі нормаларын түсіндіру» тақырыбында құқық қорғау органдарының қатысуымен бірлескен семинар өткізген болатын.

Семинардың барысында  сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды, оның басталуын, субъектілерін және түрлерін жан-жақты түсіндірді, сондай-ақ  біздің еліміздегі және дамыған елдердегі сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша тұжырымдама мәселерін де  көтерді. Құқық қорғау органдары әлеуметтік зұлымдық, қоғамда болып жатқан өткір проблемалар, сондай-ақ құқық бұзушылық пен қылмыс жасағаны үшін жазаның қолданылмай қалмайтындығы жайлы да атап өтті.

Семинарды қорытындылай келе Красивинский селолық округінің әкімі Ж.Мұқышев осындай кездесулер Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының ережелерін, жаңа заманауи үрдістерді, жалпы қазақстандық мемлекет пен қоғамның даму перспективтерін жақсы білуге көмектесетінін атап өтті.

0
0
276

Еще по теме